Жоғарғы мәзір интерфейс нұсқаулығы
Бұл — пайдаланушылар интерфейсте орындай алатын әрекеттердің белгішелері орналасқан мәзір жолағы. Қарапайым әрі түсінікті етіп жасалған бұл бөлім ашылып-жабылатын модаль терезелер арқылы қолдау тауып, пайдаланушыларға экран ауыстырмай-ақ хабарламаларды жылдам көруге мүмкіндік береді.
Оң жақ мәзірі
Хабарландырулар - Бұл бөлімде пайдаланушылар көруге құқығы бар барлық белсенді хабарландырулар көрсетіледі.
Хабарламалар - Процестер бойынша келген жаңа хабарламалар. Хабарламаның мақсаты: келісім беру қажеттілігі жоқ, тек процесс бойынша хабарыңыз болуы үшін жіберіледі.
Келісім беру - Сізге келісім беру үшін келген процестер.
Хаттар - Процестер бойынша жіберілген хаттар.
Сол жақ мәзірі бойынша нұсқаулық:
Бұл батырма арқылы пайдаланушы процесс бастай алады, процестерм тарихын көре алады және есептермен таныс бола алады.
Бастапқы бет - бұл батырма пайдаланушыны бастапқы бетке аударады.
Жаңа процесс бастау :
Менің процестерім:
- Жіберілмеген процестер - Барлық жіберілмеген процестер осы жерде сақталады. Ескерту: процестер бір апта сақталады, бір аптадан кейін автоматты түрде өшіріледі.
- Келісім берілген процестер - Соңғы аптада келісім берілген процестер тізімі көрсетіледі.
- Хабарламалар - Процестер бойынша соңғы келген хабарламалар.
- Соңғы жіберілген процестер - Соңғы бір апта ішінде сіз жіберген процестер тізімі.
- Хаттар - Процестер бойынша соңғы 1 аптада келген хаттар тізімі
- Процестер тарихы - Барлық процестер тарихы.
Белгілі бір процесті іздеу үшін:
1)Процесс түрін таңдаңыз.
- Келісім беру процестері: Сіз келісім берген барлық процестер тізімі
- Хабарламалар: Процестер бойынша келген барлық хабарламалар тізімі
- Жіберілген процестер: Сіз жіберген барлық процестер тізімі
2) Күндер ауқымын таңдаңыз.
Есептер:
Dashboards - Процестер бойынша жасалған дашборд есептер.
Құжат мұрағаты - Мұрағатта сақталған құжаттар






