Тауар төлемі
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс тауарларды сатып алу үшін төлем жасау мақсатында пайдаланылады. Ол келесі жағдайларда қолданылады:
- Кеңсе тауарларын, жабдықтарды немесе басқа материалдарды сатып алу
- Шарт немесе шот-фактура негізінде төлем жүргізу
Қалай BPM жүйесінде Тауар төлемі үдерісін толтыра аламын?
1. bpm.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, Қаржы/Есеп бөлімі➝ Тауар төлемі үдерісін таңдаңыз :
2. 1) Өрістерді толтырыңыз
2) Кестедегі барлық бағандарды толтыру қажет. Бюджет коды бағанында ˅ бассаңыз, оқу жылы басында келісілген сіздің бөлімшеңіздің бюджеті шығатын болады.
3. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:

Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!