СДУ студентінің алмасу бағдарламасы бойынша кету өтініші
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс СДУ студенттерінің алмасу (Exchange) бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орнына кетуін ресми түрде рәсімдеу үшін қолданылады.
Қолданылу жағдайлары:
- Студент алмасу бағдарламасы аясында басқа университетте білім алуға қабылданған кезде
- Университет тарапынан академиялық және әкімшілік рәсімдерді реттеу мақсатында
- Студенттің мәртебесін уақытша тоқтату немесе өзгертуді рәсімдеу үшін
Қалай BPMDMS жүйесінде СДУ студентінің алмасу бағдарламасы бойынша кету өтініші үдерісін бастай аламын?
1. dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, Халықаралық қатынастар департаменті➝ СДУ студентінің алмасу бағдарламасы бойынша кету өтініші үдерісін таңдаңыз:
2. 1) Студент ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізсеңіз, қалған ұяшықтар автоматты түрде толтырылады.
2) Өрістерді толтырыңыз.
3. 1) Өрістерді толтырыңыз.
2) "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.
4. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:
Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

