Skip to main content

Оқуға қайта қабылдау

Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары

Бұл үдеріс университеттен шыққан студенттің оқуға қайта қабылдануы үшін қолданылады.
Қолданылу жағдайлары:
  • Студент өз еркімен оқудан шығып, қайта қабылдануды сұраса
  • Академиялық немесе әкімшілік себептермен оқудан шығарылған студент қайтадан қабылданғысы келсе

Қалай BPM жүйесінде Оқуға қайта қабылдау үдерісін бастай аламын?

1. bpm.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, БҚКО➝ Оқуға қайта қабылдау өтініші үдерісін таңдаңыз:
Ескерту: БҚКО процестерін тек БҚКО қызметкерлері бастай алады.
%D1%82%D1%83%D1%82%D0%B0.07.02.25.PNG

2. 1) ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізсеңіз, қажетті студентті таңдасаңыз, студенттің аты-жөні, электрондық поштасы және оқыған мамандығы автоматты түрде толтырылады.
2) Қабылданатын мамандығы ұяшығындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеден қажетті мамандықты таңдасаңыз, қалған ұяшықтар (мамандық коды, факультет, курс) автоматты түрде толтырылады.

%D1%82%D1%83%D1%82%D0%B0.07.02.25.1.PNG

3. "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.

%D1%82%D1%83%D1%82.10.02.25.PNG

4. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:

%D0%B6%D1%96%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83%D1%81%D0%BD%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%BA.PNG

Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

%D1%82%D1%83%D1%82.10.02.25.1.PNG


Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!