Медициналық анықтама туралы өтініш
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс студенттердің медициналық анықтама туралы өтініштерін рәсімдеуге арналған.
Қолданылу жағдайлары:
- Денсаулығына байланысты сабақтарға қатыспау мерзімін растау
- Факультетке және мұғалімдерге расталған денсаулық жағдайы туралы ресми құжат ұсыну
Қалай BPM жүйесінде Медициналық анықтама туралы өтініш үдерісін бастай аламын?
1. bpm.dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, БҚКО➝ Медициналық анықтама туралы өтініш үдерісін таңдаңыз:
Ескерту: БҚКО процестерін тек БҚКО қызметкерлері бастай алады.
2. 1) Студент ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізіңіз, қажетті студентті таңдасаңыз қалған бағандар автоматты түрде толтырылады.
Студенттің медициналық анықтамасына сәйкес күндерді таңдаңыз.
2) "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.
3. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:

Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

