Мамандық тілін/жылын ауыстыру
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс студенттің оқитын тілін немесе оқу жылын өзгерту рәсімін автоматтандыру және ресімдеу үшін қолданылады.
Қолданылу жағдайлары:
- Студент оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын) ауыстыру туралы өтініш білдірген жағдайда
- Студент академиялық себептерге байланысты оқу жылын өзгерту қажет болған жағдайда (мысалы, курсты қайта оқу немесе алға жылжу)
- Университет әкімшілігінің арнайы шешіміне байланысты оқу жылы немесе тілі өзгертілуі қажет болған жағдайда
Қалай BPM жүйесінде Мамандық тілін және жылын ауыстыру үдерісін бастай аламын?
1. bpm.dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, БҚКО➝ Мамандық тілін/жылын ауыстыру үдерісін таңдаңыз:
Ескерту: БҚКО процестерін тек БҚКО қызметкерлері бастай алады.
2. 1) Өтініш түрін таңдаңыз
2) Студент ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізіңіз, қажетті студентті таңдасаңыз қалған бағандар автоматты түрде толтырылады.
3. 1) Толтыруды ұмытпаңыз
2) "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.
4. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:
Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

