Мамандық ауыстыру
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс студенттің оқитын мамандығын өзгерту рәсімін ресімдеу және автоматтандыру үшін қолданылады.
Қолданылу жағдайлары:
- Студент басқа мамандыққа ауысу туралы өтініш берген жағдайда
- Университет ішіндегі мамандықтар арасында ауысу мүмкіндігі қарастырылған кезде
- Грант немесе келісімшарт талаптарына байланысты мамандық ауыстыру қажет болған жағдайда
- Оқу процесінде студенттің қызығушылықтары мен бейімділігі өзгерген жағдайда
Қалай BPMDMS жүйесінде Мамандық ауыстыру үдерісін бастай аламын?
1. dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, БҚКО➝ Мамандық ауыстыру үдерісін таңдаңыз:
Ескерту: БҚКО процестерін тек БҚКО қызметкерлері бастай алады.
2. 1) Студент ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізіңіз, қажетті студентті таңдасаңыз қалған бағандар автоматты түрде толтырылады.
2) Ауысатын мамандықты ашылған терезедегі тізімнен таңдай аласыз.
3) Оқу тілі және Грантқа байланысты таңдауды ұмытпаңыз.
3. "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.
4. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:
Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

