Кафедралық жұмыс жоспар
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс кафедраның оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру және бекіту үшін қолданылады. Ол келесі жағдайларда пайдаланылады:
- Кафедраның жылдық жоспарын бекіту
- Оқу, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жоспарларын белгілеу
- Университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес кафедраның жұмыс бағытын анықтау
Қалай BPM жүйесінде Кафедралық жұмыс жоспары үдерісін толтыра аламын?
1. bpm.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, Академиялық процестер ➝ Кафедралық жұмыс жоспар үдерісіне өтіңіз :
2. Оқу жылына кафедра жоспарына байланысты кестедегі бағандарды толтыру қажет. Қажет болса, жаңа бағандар қосуға немесе қажетсіздерін жоюға болады.
3. Қажетті ақпарат енгізілгеннен кейін «Жіберу» батырмасы арқылы өзіңізге немесе кафедра меңгерушісіне жіберуді таңдай аласыз. Сондай-ақ, оқу процесіне қатысты пікіріңізді қалдыруыңызға болады.

Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!


