Баға теңестіру
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс студенттің оқу үлгеріміндегі бағаларын теңестіру (салыстыру) және қажетті түзетулер енгізу үшін қолданылады.
Қолданылу жағдайлары:
- Басқа оқу орнынан ауысқан студенттің бағаларын университеттің бағалау жүйесіне сәйкестендіру
- Академиялық айырмашылықтарды жою үшін пәндердің бағаларын теңестіру
Қалай BPM жүйесінде Баға теңестіру үдерісін бастай аламын?
1. bpm.dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, БҚКО➝ Баға теңестіру үдерісін таңдаңыз:
Ескерту: БҚКО процестерін тек БҚКО қызметкерлері бастай алады.
2. 1) Өтініш түрін таңдаңыз
2) Студент ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізіңіз, қажетті студентті таңдасаңыз қалған бағандар автоматты түрде толтырылады.
3) "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.
3. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:

Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

