Ақылы еңбек демалысы
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс қызметкерлерге ақылы еңбек демалысын рәсімдеу мақсатында қолданылады. Ол келесі жағдайларда пайдаланылады:
- Жыл сайынғы жоспарлы еңбек демалысын алу
Қалай BPMDMS жүйесінде Ақылы еңбек демалысы өтінішін толтыра аламын?
1. dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, HR➝ Ақылы еңбек демалысы үдерісін таңдаңыз :
2. 1) Егер басшылық лауазымда қызмет атқарсаңыз, сізге Delegation қалдыру міндетті болып табылады.
2) Қажетті уақыт аралығын таңдаңыз
3) "Қосу" батырмасын басқан кезде жаңа терезе ашылады, онда академиялық лауазым иелері үшін сабақ кестесін тіркеу міндетті.
3. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:
Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

