Академиялық үзіліс/демалыс
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс студенттерге белгілі бір уақытқа академиялық демалыс немесе үзіліс алуға мүмкіндік береді.
Қолданылу жағдайлары:
- Денсаулық жағдайына байланысты академиялық үзіліс алу
- Жеке себептерге байланысты демалыс рәсімдеу
- Әскери қызметке шақырылған жағдайда
- Отбасылық немесе басқа маңызды себептерге байланысты уақытша оқудан босату қажеттілігі
Қалай BPM жүйесінде Академиялық демалыс/үзіліс алу үдерісін бастай аламын?
1. dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, БҚКО➝ Академиялық үзіліс/демалыс үдерісін таңдаңыз:
Ескерту: БҚКО процестерін тек БҚКО қызметкерлері бастай алады.
2. 1) Студент ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізіңіз, қажетті студентті таңдасаңыз қалған бағандар автоматты түрде толтырылады.
2) Студент өтінішіне сәйкес өтініш түрі, мерзімі және себебін толтырыңыз.
3) "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.
3. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:
Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

