Жолдама бағдарламасы(Referral)

Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары

Жолдама бағдарламасы — СДУ қызметкерлерін кәсіби білікті кандидаттарды университеттің ашық вакансияларына ұсынуға ынталандыруға бағытталған бағдарлама. Ұсыну жолымен келген адамды "жолдама" деп атайды. Жолдаманы ұсынған СДУ қызметкерін "жолдаушы" деп атайды.
Жолдама бағдарламасы арнайы сауалнамадан бастау алады. Сауалнамада жолдаушы үміткер жайлы толық ақпаратты толтыруы қажет.
Үміткер сынақ мерзімінен өткен жағдайда, жолдама үшін жолдаушыға бекітілген мөлшерде сыйақы төленеді.
Ерекше жағдайлар:
● СДУ қызметкерлері жолдама ретінде кез келген лауазымға өзінің жақын туыстарын (жұбайы, ата-анасы, балалары, бауырлары) ұсына алмайды.
● Жоғары басшылық мүшелеріне (Ректор, проректор, декан) жолдама бағдарламасы бойынша сыйақы қарастырылмайды.
● HR департаменті қызметкерлеріне және факультет рекрутерлеріне жолдама бағдарламасы бойынша сыйақы қарастырылмайды.
● Құрылымдық бөлім басшылары (факультет, департамент, орталық, бөлім басшылары және т.с.с.) және әкімшілік департамент қызметкерлері тікелей өз бөлімдеріне жолдама бағдарламасы бойынша үміткер ұсына алмайды. Бірақ басқа бөлімдерге ұсына алады.
● Жолдама бағдарламасының арнайы сауалнамасынан тыс жіберілген түйіндемелер жолдама бағдарламасына кірмейді.

Қалай DMS жүйесінде Жолдама бағдарламасы үдерісін толтыра аламын?

1. dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, HR➝ Жолдама бағдарламасы үдерісіне өтіңіз :

image.png



2. 1) Өрістерді толтырыңыз
2) "Қосу" батырмасын басқан кезде жаңа терезе ашылады, онда сол жақтағы Жолдаманың резюмесін шола аласыз.

%D1%82%D1%83%D1%82.11.02.25.PNG

3. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:


image.png



Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.

image.png


Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!

Revision #5
Created 2025-02-20 10:09:46 UTC by Shynar Toktar
Updated 2026-01-15 07:54:10 UTC by Moldir Omarkhan