Оқуға қайта қабылдау
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс университеттен шыққан студенттің оқуға қайта қабылдануы үшін қолданылады.
Қолданылу жағдайлары:
- Студент өз еркімен оқудан шығып, қайта қабылдануды сұраса
- Академиялық немесе әкімшілік себептермен оқудан шығарылған студент қайтадан қабылданғысы келсе
Қалай DMS жүйесінде Оқуға қайта қабылдау үдерісін бастай аламын?
1. dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, БҚКО➝ Оқуға қайта қабылдау өтініші үдерісін таңдаңыз:
Ескерту: БҚКО процестерін тек БҚКО қызметкерлері бастай алады.
2. 1) ID бағанындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеге студенттің ID нөмірін немесе аты-жөнін енгізсеңіз, қажетті студентті таңдасаңыз, студенттің аты-жөні, электрондық поштасы және оқыған мамандығы автоматты түрде толтырылады.
2) Қабылданатын мамандығы ұяшығындағы батырманы басқан кезде ашылған терезеден қажетті мамандықты таңдасаңыз, қалған ұяшықтар (мамандық коды, факультет, курс) автоматты түрде толтырылады.
3. "Қосу" батырмасын басқан кезде ашылған терезеде сол жақтағы категорияларға қажетті қосымшаны тіркей аласыз.
4. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:
Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.
Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!