Академиялық қосымша қызмет
Процестің мақсаты және қолданылу жағдайлары
Бұл үдеріс оқытушылардың академиялық процестерге қатысты қосымша қызмет көрсетуіне өтініш беру үшін қолданылады. Ол келесі жағдайларда пайдаланылады:
- Баға қою үшін портал аштыру
- Оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын толтыру үшін рұқсат беру
- Оқытушылардың жеке жұмыс есебін толтыру үшін рұқсат беру
- Силлабус толтыруға рұқсат беру
Қалай DMS жүйесінде Академиялық қосымша қызмет үдерісін толтыра аламын?
1. dms.sdu.edu.kz сайтына өтіп, Процесс бастау бөліміне ауысып, Академиялық процестер ➝ Академиялық қосымша қызмет үдерісіне өтіңіз :
2. Барлық ұяшықтарды толтыру қажет:
- Қызмет түрі
- Төлем түрі: Ақылы, ақысыз.
- Оқу семестрі: соңғы 4 оқу семестрі шығатын болады.
- Күн саны
- Себебі
3. "Қосу" батырмасын басқан кезде жаңа терезе ашылады, онда сол жақтағы екі категорияны таңдауға болады: хаттама және оқытушы өтініші.
4. Кестедегі барлық бағандарды толтыру қажет. Қажет болса, жаңа бағандар қосуға немесе қажетсіздерін жоюға болады.
5. Қажетті ақпарат қамтамасыз етілген соң Жіберу батырмасын басыңыз:
Үдерістің орындалу схемасын төменде көрсетілген бөлімнен қарауға болады.
Барлық сұрақтар бойынша helpdesk.sdu.edu.kz ➝ Submit a ticket ➝ BPM арқылы қоя аласыздар немесе біздің dms@sdu.edu.kz поштасына жаза аласыздар!